Танк құрамасында жеке құрамды құттықтады

dsc0020 scaled

Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Әскери бөлім басшылығы жеке құрамды Қарулы күштердің
30 жылдығымен құттықтап, бөлім командирінің мерекелік бұйрығын жеткізді.

dsc0051 scaled

Бірқатар әскери қызметшілерге үлгілі тәртібі, кәсіби шеберлігі үшін Мақтау грамоталары мен «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері табысталды.

 – Халықтың тыныштығын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу – әскери адамдардың міндеті. Осы салада қажырлы қызмет етіп жүрген жеке құрамды шын жүректен құттықтаймын, – деді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Сералиев .

Салтанатты жиын соңы әскери көркемөнерпаздар мен «Әйгерім» би тобының мерекелік концертіне ұласты.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

dsc0173 scaled

dsc0135 scaled

Бүгінгі жаңалықтар