Аягөз қаласында Қазақстан әскерінің мерейтойын спорттық жарыспен атап өтті

dsc0292 scaled

Қарулы күштердің 30 жылдығы қарсаңында Аягөз гарнизонының танк әскери бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және аудандық білім бөлімі қала мектептерінің «Жас сарбаз» патриоттық сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс өткізді.

img 20220504 211316 024

Іс-шараны ашқан Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Сабыржан Айтқазин жарысқа қатысушыларды құттықтады. Ол ел үшін мерейтойлық датаның маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ болашақ Отан қорғаушылардың дене дайындығын арттыру үшін спорттың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ойындар қала орталығындағы «Бәйтерек» саябағының футбол алаңында ұйымдастырылды. Мұндай спорттық жарыстар оқушылардың дене шынықтыру деңгейін арттыруға және жас армия сыныптары арасында бірлікті нығайтуға ықпал етеді, деп санайды ұйымдастырушылар.

Жарысқа 6 мектеп командасы қатысып, қызықты ойын көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды № 4 мектептің құрамасы, екінші орынды № 6 мектептің командасы, үшінші орынды № 3 мектептің футбол командасы иеленді. Жеңімпаз командаға Аягөз гарнизоны бастығының кубогын танк әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Арман Құрманов табыс етті.

img 20220504 211315 896

Сонымен қатар, жарыстың «Үздік қақпашысы» болып №4 мектептің ойыншысы Нұрасыл Тенлік атанса, «Үздік қорғаушы» номинациясын №3 мектептің 7 «а» сынып оқушысы Ерзат Асқаров жеңіп алды. Ал, қатысушылар арасында топ жарып, қарсылас қақпасынан сан мәрте саңылау таба білген №4 мектеп командасының сұр мергені Әділ Айдосов «Үздік шабуылшы» иегері болып, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыстық ықыластарына бөленіп, шебер ойын көрсеткен «№6 мектептің намысын қорғаған Данияр Қыдыров сайыстың «Үздік ойыншысы» атанды.

img 20220504 211315 924

Шара соңында жеңімпаздармен  барлық жүлделі орын алған  командалар медальдармен және мақтау қағаздарымен  марапатталып, келесі сайысқа серпін берер ерекше көңіл-күймен тарқасты.

                             Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

Бүгінгі жаңалықтар