Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жолдады. Онда партиядан шығатынын мәлімдеді.
“Президенттің өз өкілеттігі кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңды түрде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырып, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді. Әкімдерге және олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді”, – деді Тоқаев.