Кадет сыныбымен өткен ерлік сабағы

dsc0257 scaled

Аягөз қаласындағы № 6 мектептің кадет сыныбының оқушылары Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесті.

Басқосуға запастағы әскери қызметшілер Рымбек Бейсеков, Қайырбек Каникенов, Нұржан Нұржауов, Жанат Марденғалиев, Милат Нүрпейісов және гарнизондағы танкистер бөлімінің үздік спортшылары қатысты.

Жиында ардагерлер ер азаматтың парызы саналатын Отан қорғаушы мамандығының артықшылығы жөнінде әңгіме өрбітті. Болашақ сарбаздарды елінің патриоты болуға шақырды.

dsc0257 scaled

– Ерлік сабағының мақсаты жеткіншектерге әскери-патриоттық тәрбие беру. Жастар – біздің болашағымыз. Оларға дұрыс тәрбие, білім беру, мамандыққа баулу, төзімділік пен шыдамдылыққа, оптимизмге баулу – аға ұрпақ өкілдерінің парызы. Бұл іске Қарулы күштердің ардагерлері лайықты үлес қосып келеді, – деді жас сарбаздар сыныбының жетекшісі, Ауған соғысының ардагері запастағы майор Рымбек Бейсеков.

dsc0246 scaled

Танкистер құрамасының спортшылары 3 сыныпты сержанттар Сұңқар Қуанышев пен Александр Масяев оқушылармен емен-жарқын әңгімелесті. Әскери спортшылар басынан кешкен қызықты оқиғаларын бөлісіп, мақсатқа жету үшін адам бойында мінез бен тәртіптің болу қажеттігін айтты.
Еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу қашанда басты міндеттердің бірі болып қала бермек.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Бүгінгі жаңалықтар