Жемқорлыққа жол жоқ!

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Осыған орай, Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде шақыру комиссиясы мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында әдістемелік-нұсқаулық жиын өтті.

Қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресті мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындаған тапсырмалары түсіндірілді.


Жиынға қатысқан Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығы майор Бауыржан Мұқашев жеке құрамға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның негізгі талаптарын түсіндірді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу үнемі басты назарда болатынын жеткізді.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Сабыржан Айтқазин тақырыпқа қатысты пікірін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары жиі өткізіліп тұруы керек. Осындай жиындар арқылы жеке құрамның теріс іс-әрекетке бармауына ой саламыз», – деді.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі