“Барлық қажетті дәлел беріледі”: Баян Алагөзова Қайрат Сатыбалды күйеуінің бизнесін тартып алғанын айтты (Видео)

Баян Алагөзова

Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалды кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған. Бұл туралы Алагөзовтің қазіргі әйелі, белгілі продюсер Баян Алагөзова Instagramдағы парақшасына жазды.

«Менен бұл рас па, шын мәнінде қалай болды?» деп жиі сұрайды. Біз бұл сұрақтарға жауап беруге, тиісті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз. Оның барысында даулы фамилиялар аталатын болады. Бұл оқиғаға азаматтарымыз таңғалады деп ойламаймын. Өйткені мұндай жағдайға елімізде жүздеген кәсіпкер тап болып, белгілі адамдар қысым жасағандықтан, сотқа шағымдана алмаған. Мен Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған адамдар мен олардың сыбайластарының барлығының аты-жөнін атаймын. Жақын күндері тергеу органдарына бизнесті тартып алуға байланысты барлық қажетті дәлел беріледі», – деді Баян Мақсатқызы.

Айта кетсек, Тұрсын Алагөзовтен тартып алынған аталмыш компанияға «Maxi чай», «Sevens», «Перво квас», «Aloe» шырыны сынды сауда маркалары кірген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Sulu Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Бүгінгі жаңалықтар