Айдар Тұрғанбектің бұрынғы әйелі қазір қайда? (Фото)

Айдар Тұрғанбектің бұрынғы әйелі

“Жігіттер” тобының белді әншісі Айдар Тұрғанбектің бұрынғы әйелі Раушан Әріп көпшіліктің назарына ілікті. Ол отандық телеарналардың біріндегі таңғы бағдарламаны жүргізуді қолға алған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

“Ана тілі аруы” ретінде көпшіліктің есінде қалған Раушан Әріп “Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбектің бұрынғы әйелі екені баршаға аян. Әншімен отбасылық өмірі жайлы тіс жармай келген бойжеткен бүгінде көпшілік алдына жиі шығып жүр. Ол “Хабар” телеарнасындағы “Таңғы хабар” бағдарламасын жүргізетін болған.

rrrrrrrr

Арудың Instagram парақшасындағы суреттерінен оның Астанада тұрып жатқанын, бұған дейін елордадағы кеңселердің бірінде қызмет еткенін байқауға болады.

hhhhhh

Бойжеткен бос уақытын кішкентай қызымен өткізетін сыңайлы. Сондай-ақ, ол бүлдіршінмен бірге түрлі фотосессияға түсіп үлгерген.

Бүгінгі жаңалықтар