Алматыда бейбіт митинг өтіп жатыр (Видео)

Украина

Бүгін Алматыда Украинаны қолдауға жиналғандар бейбіт митинг өткізіп жатыр.

Митингіге 1000-дей адам жиналған. Олардың қолдарында украин туын ұстап келген халық қолдарында “Соғысқа жол жоқ”, “Украина біз біргеміз”, “Путин кет!” деген қазақ, орыс, ағылшын тілдерде жазылған плакаттар бар.

Жиналғандар қарасы барған сайын көбеюде.

Митингінің алдында Қазақстан және Украина әнұрандары айтылды.

Жиналғандар егемен елдің территориялық тұтастығына нұқсан келтірген Ресейдің агрессиясын айыптап, мұндай қауіп Қазақстанға да төніп тұрғанын айтты. Бұл жиынды өткізуге әкімдік рұқсат етсе де, алаңды бақылап жүрген билік адамдары байқалады.