“Жауапқа тартылуың мүмкін”: “Астарлы ақиқаттың” қонағы Айгүл мен Айнұрға қатысты бар шындықты жайып салды (Видео)

Астарлы ақиқат

КТК арнасындағы “Астарлы ақиқат” бағдарламасы туралы блогер қыз бар шындықты жайып салды.

Естеріңізде болса, “Астарлы ақиқаттың” өткен бағдарламаларының бірінде “Жабаизм” тақырыбымен Айгүл мен Айнұр есімді қыздардың тағдыры қозғалған болатын.

Бағдарлама барысында  жастайынан ата-анасынан жетім қалып, туыстарының қолында өскен қыздар олардан көрген қорлығын айтып, егіле жылады. Сорақысы сол, жастары жиырмадан асса да, санауды білмейді, тіпті оқу-сызудан мақрұм қалыпты.

Бағдарламада қонақта болған Зульфия Асарова қара суықта жыртық тонмен жүрген жандарды өз үйіне кіргізген. Кейін блогер қыз халықтың көмегімен қыздарға үй алып беріп, қазіргі уақытта қарайласып отырғанын білген болатынбыз.

Зульфия Асарова “Астарлы ақиқатта” қонақта болғаннан кейін видео жариялап, бағдарламаның өтірік екенін, көп ақпаратты бұрмалағанын жайып салды.

Бүгінгі жаңалықтар