“Әскери қақтығысты тоқтатуға келісті”: Украина мен Ресей ортақ шешімге келді (Видео)

Украина

Ресей мен Украина делегациясының екінші келіссөзі мәресіне жетіп, кездесуде тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға, сол себептен кейбір майданда әскери қақтығысты тоқтатуға келісті.

– Екінші кездесу біршама нәтиже берді. Енді жақын арада тағы кездесіп, мәселені талқылаймыз, – деді Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк.

Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединский де келіссөзде кейбір мәселе бойынша ортақ шешімге келгенін айтты.

– Осы жолы халықаралық гуманитарлық мәселе, жанжалды саяси жағынан реттеу және әскери қақтығысты тоқтату жөнінде сөйлестік. Олар туралы  жеке-жеке айтамыз. Жалпы, аяқалысымыз жаман емес, – деді ол.

Бүгінгі жаңалықтар