Украинаның барлық ірі қалалары жабылды

Украина

Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық ірі қалалары жабылды деп мәлімдеді.

“Қазір еліміздің барлық ірі қалалары жабылды”, – деді Зеленский Еуропарламентке жолдаған видео үндеуінде.

Ресей 24 ақпан күні таңертең Украинаны демилитаризациялау бойынша әскери операция бастады.

Президент Владимир Путин ресейліктерге арнаған үндеуінде “Біз дұрыс шешім қабылдап, шұғыл әрекет етуіміз керек. Донбасс халық республикалары көмек сұрады” деді.

Ресей басшысының айтуынша, қантөгіс үшін барлық жауапкершілік Украинадағы билеуші ​​режимнің мойнында болады. Ол украиндық әскерилерді Украина билігінің қылмыстық бұйрығын орындамауға, қаруларын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды.

Кейінірек Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей Қарулы Күштері Украина қалаларына ешқандай соққы бермегенін атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, бейбіт тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Кейінірек Қорғаныс министрлігі украин шекарашылары “ешқандай қарсылық көрсетпейді”, украин әскерлері өздері беріліп, сосын отбасына оралады деп мәлімдеді.

Бүгінгі жаңалықтар