Зеленский: Түрмеде отырған қылмыскерлердің отан қорғауына рұқсат етіледі - Видео

Зеленский

Бүгін Украина мен Ресей делегациясы арасындағы келіссөз Беларусьтің оңтүстік-шығысында орналасқан Гомель облысында басталды.

Украина делегациясының құрамында елдің қорғаныс министрі Алексей Резников, сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, " Слуга народа" фракциясының басшысы Давид Арахамия, депутат Рустем Умеров пен үш жақты байланыс тобы Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин бар.

Украина тарапынан талқыланатын басты мәселе - аймақтағы атыс-шабысты тоқтатып, Украинадан Ресей әскерін шығару болды. Ал Ресей делегациясында осы елдің сыртқы істер мен қорғаныс министрлігінің, президент әкімшілігінің және өзге де ведомство өкілдері болды. Делегацияны Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский бастады.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888