«Жанымызды шүберекке түйіп отырмыз»: Ақбота Керімбекова Саят Медеуовтің жағдайы туралы айтты

Саят Медеуов

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі Саят Медеуовтің жол апатына түскенін хабарлап, оның тез сауығып кетуін тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазған. Ол Саят Медеуовтың қазіргі уақытта қиын жағдайда екенін айтты.

Әнші барша халықтан өнер жұлдызы үшін дұғада болуын сұрады.

«Саят ұлдарыңыз жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанып, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз. Алладан амандығын тілеп қойыңыздаршы ағайын», – деп жазды ол.