Украина: Киевтегі тұрғын үйге зымыран құлады

Украина

Киевтің шетіндегі Жуляны әуежайы маңындағы тұрғын үйге зымыран құлады. Кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің алдын-ала мәліметтері бойынша зардап шеккендер жоқ. Киев мэрі Виталий Кличко үйге төтенше жағдайлар қызметінің жеткенін айтты.

Кейбір мәліметтер бойынша, үйге екі зымыран түскен.

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба оқиғаға түсініктеме беріп, Киев “Ресейдің құрлық күштері мен зымырандарының шабуылынан тағы бір түн аман қалды”, деді.

Қалада әуе дабылы жарияланды. Тұрғындардан баспаналарға жасырынуды сұрады.

Бүгінгі жаңалықтар