Әлеуметтік желілерге соғыс кезінде үстінен Ресей танкісі жүріп өткен көліктен жүргізушіні құтқару сәті тарап жатыр.
Төмендегі кадрдан бірнеше адамның сол көліктен жүргізушіні аман-есен шығарып алғанын көруге болады. Олар темір құралдарымен көліктің орындығына қысылып қалған жүргізушіні құтқаруға тырысуда.
Қазіргі уақытта жүргізушінің денсаулығына қаншалықты зиян келгені туралы ақпарат жоқ.