“Орманда намаз оқып жатыр”: Шешенстан сарбаздарының қазір қайда екені белгілі болды (Фото)

Шешенстан

Интернетте Шешенстан сарбаздарының қазір қайда екенін растайтын ақпарат пайда болды деп хабарлады turkystan.kz chechnyatoday басылымына сілтеме жасап.

Шешенстан Республикасы басшысы көмекшісінің Instagram-дағы парақшасында ұшақтан түсірілген видеода Рамзан Қадыровтың «Алла қаласа, бір-екі минутта жетеміз» деген әңгімесі естілген. Бұл видео оның Украина аумағына немесе Донбассқа ұшып кеткені туралы көптеген қауесет тудырған.

Кейбір дерек бойынша, Шешенстан күш құрылымдарының өкілдері қазір Ресей әскері операция жүргізіп жатқан Украина немесе Донбасс аумағында жүр. Ал Рамзан Қадыровтың көмекшісі желідегі парақшасында орманда жамағат болып намаз оқып жатқан шешен сарбаздарының суреттерін жариялады.

Алайда «Chechnya Today» басылымының редакторлары түсініктеме алу үшін Шешенстан Республикасы басшысының көмекшісі Умар Даудовпен байланыса алмаған.

шешендер

Бүгінгі жаңалықтар