Ақтаудағы арнайы техника мен «танк» халықтың үрейін ұшырды (Видео)

Ақтау

Ақтау тұрғындары «Ақтау» сауда ойын-сауық кешені жанындағы арнайы техниканы видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды өңірлік «Лада» порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұл жерде өртке қарсы жоспары оқу-жаттығу өткен.
Іс-шара аясында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері кешенге баратын жолды жапқан.
Сондай-ақ Ақтауда сыртқы түрі танкке ұқсайтын көлік видеоға түсіп қалған. Бұл кадр сәрсенбі, 23 ақпанда, 17-шағын аудандағы Family House тұрғын үй кешенінің жанында түсірілген.
Қалалық әкімдік бұл БГМ-21 бұрғылауға арналған геологиялық-барлау машинасы екенін айтты.
«Жобалаушы «Инженерный центр Астана» ЖШС мен мердігер «Каспиан ГеоСервис» қазір геологиялық жұмыстар жүргізіп жатыр», – деді ведомстводағылар.
Бұл аумақта 1,2 мың оқушыға арналған мектеп салынатынын хабарлады.