Алматы облысында қақаған қыста да далада суға шомылуға болады

Алматы облысында қақаған қыста да далада суға шомылуға болады

Алматы облысында қақаған қыста да далада суға шомылуға болады

Алматы облысында жер астынан шығатын ыстық суға келушілер саны артуда. Ұйғыр ауданына қарасты Қарадала жазығында туризм саласы дамып жатыр. Мұнда жер астынан шығатын ыстық судың температурасы 42-56 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Термалды судың шипалық қасиеті де жоқ емес. Құрамында түрлі минералдар мен радон элементтері бар. Қарадала жазығында жыл сайын 70 мыңға дейін турист келіп қайтады. Негізінен Алматы қаласы мен облыс тұрғындары.

19112611023247011f

«Біздің туған жерімізде осындай тамаша жердің барына өте қуаныштымын. Алматыдан 300 шақырымдай ғана жерде орналасқан ыстық судың шипалы суына тәнтімін. Денсаулыққа өте пайдалы. Осы суға түссем шаршағаным бірден басылады. Көп адамдар бұл жердің қасиетін білмей жатады. Сондықтан халыққа көбірек насихаттау керек. Міне қараңызшы, қарашаның қара суығында біз далада ыстық суға түсіп, керемет демалып жатырмыз. Бұл ыстық су әсіресе буын ауруларына өте тамаша. Соны көбі біле бермейді», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Бақыт Мерекенқызы.

Қарадала елді-мекенінде халыққа қызмет көрсететін демалыс орындары өте көп. Қызмет бағасы сапасына қарай өсе береді. Ал бассейндер далада да, ғимарат ішінде де орналасқан. Ондағы ыстық судың температурасы 32- 49 градусқа дейін барады. Жергілікті тұрғындар, кей демалыс орындарында ыстық су 56 градусқа дейінгі температурада шығатынын айтады. Сондықтан туристер осы жайтқа мән беріп, демалыс орындарына барғанда, судың температурасын сұрап алуларына болады.

Алматы облысында қақаған қыста да далада суға шомылуға болады

«Ыстық судағы демалыс орындарының бағасы әрқалай. Ең арзаны адам басына 8 мың теңгеден басталады. Оның ішіне таңғы ас, суға түсу, жатын орын кіреді. Егер қаласаңыз адам басына 25 мың теңгелік жерлер де бар. Күн суытқан сайын Ұйғыр ауданындағы ыстық судың маусымы қыза түседі. Әсіресе, алматылықтар қысқы маусымда осы жаққа қарай ағылады. Халықтың легі жылдан-жылға артуда», – «Qazaq Travel» компаниясының басшысы Жандос Нұриев.

Қарадала жазығының бас жоспары жыл соңына дейін дайын болмақ. Туристік аймақта әлі де шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Ауыз су және кәріз жүйесін ретке келтіру қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орын жоқ. Ыстық судың медициналық, емдік әдістемелерін жетілдіруді қажет етеді. Осы және басқа да мәселелер туристік маусымның ашылуы барысында көтерілді.

1911261102324701f

«Инвестор табылды. Жаңа жылдан кейін инвесторлар келіп, қандай бағытта жұмыстар істейтіндігі талқыланады», -деді Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Хусуров.

Жаңа демалыс орындары ашылып, ыстық судың мүмкіндіктерін толық пайдаланса туристер санын бір жылда 1 млн адамға жеткізуге әбден болады, дейді сала мамандары.

Бұл жолы Ұйғыр ауданындағы ыстық суда БАҚ өкілдері мен аудан әкімдерінің баспасөз хатшылары арасында арнайы семинар ұйымдастырылып, қонақтар тек білімдерін ғана шыңдап қоймай, ыстық суда демалып, термалды судың қасиетін сезініп, танысып қайтты.

Алматы облысында қақаған қыста да далада суға шомылуға болады

«Жетісу-жақұт мекенім» атты блог-турдың мақсаты осы жерге журналистерді, блогерларды өзге де сала мамандарын әкеліп, біздің туризм саласының әлеуетін көрсету. Насихаттау. Бүгінде бұл жердің болашағы өте зор деп санаймыз. Сондықтан Жетісудың тағы бір керемет жақұты саналатын ыстық суды брендке айналдырсақ, бүкіл әлем таныса деген мақсатымыз бар. Біз ұйымдастырған шара барысында жалпы әлеуметтік желідегі арнайы парақшаларды қалай жүргізу керек, кәсіби салада жетістікке жету жөнінде Серік Мәмбетов, Алмас Тоқабаев сынды мамандар арнайы дәріс өткізді», – деді «Жетісу Медиа» орталығының директоры Жанна Арынбекова.

Блогер, сценарист Алмас Тоқабаев Алматы облысы әкімдігінің аудандарында жұмыс істейтін баспасөз хатшыларына ақпаратты қысқа жазуға кеңес берді. Себебі, оның пайымынша, әлеуметтік желіде отыратын адамдар қазір қысқа ақпаратты ғана қабылдауға дағдыланған.

1911261102324702f

1911261102324704f

1911261102324705f

1911261102324706f

Алматы облысында қақаған қыста да далада суға шомылуға болады