«Бұзақыларды күйеуім алаңда бастап жүріпті»: Айнұр Тұрсынбаева «Дикий Арман» туралы шындықты айтты (Видео)

Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр Тұрсынбаева «Дикий Арманның» ұсталуы туралы өзінің инстаграм парақшасында пікір білдірді.

«Жүрегім қысылып кетті…Қапыда қан жұтқан қазағым үшін.. Тоз-тоз болған қалам үшін.. Далам үшін… Жазылмаған жарам үшін..
Бұл күндер де өтер…

Кешеден бері сайттар «Арман ұсталыпты, осының бәрін сол ұйымдастырыпты» деп жазып жатыр.. Дайректке керісінше «бұл ақпаратқа сенбейміз, қаншама қиналған кездерде қасымыздан табылған бала ғой» деген хаттар көп келді..Мен жалпы еркектердің тірлігіне араласпаймын. Саясаттан аулақпын..
«Бұзақыларды күйеуім алаңда бастап жүріпті» деп гуілдетіп жатқандар бар.. Менің күйеуімнің Қазақстанға келмегеніне 1,5 жыл болды!..
Ия, мен Арманның анасын жақсы сыйлаймын, жары жақын құрбым. Өзінің де жамандығын көрмеппін..Пандемия кезінде 10 миллионға дәрі-дәрмек алып тегін таратқанын білемін.. 5 камазбен азық-түлік таратқанын да білемін.. Сіздер де білесіздер! Кеше алаңға шығып «қаламызды талқандатпайық, бірігейік жігіттер» дегенін де естідіңіздер.. Алаңда оны жастардың қалай қолдағанын да көрдіңіздер. Осыдан 3 күн бұрын өзім хабарластым, алаңда не боп жатқанын сұрадым, «Айеке, масқара боп, бәрін талқандап жатыр, алаңға шығамын,басымды кесіп алса да халықпен бірге боламын» деген еді…Митингінің ортасында келген адам қалай ұйымдастырған болады? Естеріңізде болсын, дінге адал жігіттер ешқашан ОТАНҒА опасыздық жасамайды! ЕШҚАШАН! Шариғат рұқсат етпейді!!! Ислам-бейбітшілік діні! Адамдар нанға жете алмай жатыр, таратып тастайық деп кеше азық-түлікті өзі таратып жүрген еді. Ал басқа тірлігін мен білмеймін, білмеген соң артық пікір айтып қыстырлысуым ақымақтық! Ақиқатын тек Алла біледі! Шын кінәлі болса Алла алдында да, адам алдында жауап берер! Өліп қалған жоқ, шындықты естірміз тірі болсақ..Анасына, күні кеше босанған асыл жарына Алла жар болсын! Өмірде көрмеген қиындығы жоқ байқұс анасы ауырып жатыр екен, дұға жасап қояйық! Бұл күн де өтер.. Ең бастысы бұл қазақ көрген қасіреттердің соңы болсыншы.. Ия, Раббым, ат төбеліндей аз қазағымды аман қыл! Патшаға сабыр бер! Ақиқат ашылсын!
Бұл әңгіме осымен тәмам болсын өтініш..!Дәл қазір мен сіздердің дұғаларыңызға мұқтажбын..»- деп жазды Инстаграм парақшасында.