«Бопсалау бойынша»: Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев тергеуге шақырылды (Видео)

Құлыбаев

Молдава прокуратурасы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен құдасы Қайрат Боранбаевты бопсалау бойынша айыптап, жауап алу үшін шақырған. Бұл туралы Михаил Козачковтың Telegram арнасы жазды деп хабарлайды Abai.kz.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жариялаған құжатқа сәйкес, Құлыбаев пен Боранбаев Молдавада Конституциясының 189-бап, 6-бөлімі бойынша айыпталуда.

Молдова заңнамасы бойынша, 189-бап, 6-бөлімі бопсалау бойынша аса iрi мөлшерде жасалған әрекеттер – 13 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«Қазақстан Республикасының азаматы Құлыбаев Тимур Асқарұлы № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы, 6-бойынша(бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 07.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті» – делінген құжатта.

Дәл осындай шақырту Қайрат Боранбаевтың атына да жіберілді. «Қазақстан Республикасының азаматы Боранбаев Қайрат № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 6-бойынша(бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 03.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті» – делінген құжатта.

Бүгінгі жаңалықтар