"Оппозиция серкесі болғаныңды...": Жүрсін Ерман Мұхтар Әблязовпен кездескенін мәлімдеді

Жүрсін Ерман

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Швейцарияда Мұхтар Әблязовпен кездесіп қалғанын мәлімдеді.

Ол Швейцарияда серуендеп жүріп, Мұхтар Әблязовпен жолығып қалғанын өзінің желі парақшасында жазған.

"Кеше кешкісін Бақытжамал екеуміз Швейцарияның шағын бір қаласында серуенге шықтық. Көшеде жан жоқ, кенет қарсы алдымыздан Мұхтар Әблязов шыға келді.

- Ей, Әблязовсың ба ? - дедім тоқтап. Ол танымайтын, білмейтін, естімейтін адамдай жүрісін жылдамдатып өте шықты.

Оппозиция серкесі болғаныңды ұрайын. Жат жерде жолыққан бір қазақпен амандасуға жарамаған бұл қашақ кімге тұлға болғандай? Осы жүрісінде не мағына бар!? Алаш көсемдерінен садаға кетсін!", - деп жазған Жүрсін Ерман.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ерман Жүрсін Молдашұлы (@zhursin_yerman)

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888