«Ол қырғыз елін өте жақсы көреді»: «Дикий Арманның» анасы үндеу жолдады (Видео)

Дикий Арман

Қылмыскер Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман») анасы Роза Хамзақызы ұлының атынан қырғыз халқынан кешірім сұрап, сол халықтың қызын келін етіп, немере сүйіп отырғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Instagram-дағы kyn.kz парақшасында Роза Жұмагелдиеваның видеосы жарияланды. Онда ол қырғыз халқын ұлына кешіріммен қарауын сұрайды.

«Мен Жұмагелдиева Роза Хамзақызы, 70 жастағы зейнеткермін. Арман Жұмагелдиевтің анасымын. Сіздер оны «Дикий Арман» деп танисыздар ғой. Үлкен басыммен иіліп, қырғыз халқынан кешірім сұраймын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар, дұрыс істемеген шығар. Салдарынан екі ел арасында ұлттық арасыздық болып кетті. Соған жүрегім ауырады. Бірақ оның ондай жаман ойы жоқ еді. Шын мәнінде ол қырғыз елін өте жақсы көреді. «Керемет жауынгер, патриот халық» деп әрқашан да мақтан тұтады. Алланың бұйрығы шығар, сол қырғыздың қызына үйленіп, құда-құдағи болып отырмыз. Келінім Айкөл Аликжанова маған тұңғыш немеремді сыйлады. Біз бақытты өмір сүріп жатыр едік. Пайғамбардың өзі күйеубаласын сыйлаған. Сондықтан бір-бірімізге кешірімді болайық», – деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)