«Бекболат екеуіміз…»: Бекболат Тілеуханның анасы Жанар Айжанованы келін етуді ерекше армандаған (Видео)

Бекболат Тілеухан

Бекболат Тілеуханның анасы әнші Жанар Айжанованы ұлына алып беруді армандаған. Бұл туралы әнші Жанар Айжанова Ең алғашқы бағдарламасында айтып берді.

«Бекболат екеуіміз дос болдық, қатар шықтық. Бекболат – нағыз азамат, өнерін жақсы көремін. Мамасы мені қатты жақсы көргені соншалықты оңашада жылап та айтатын «Арманым – сені Бекболатқа алып берсем» дейтін. Алайда Бекболат екеуіміз достықтан аспадық», – деп өткенді еске алды өнер иесі.

«Бір кем дүнием – екінші тұрмысқа шықтым ғой, екеуіміздің арамызда бала жоқ. Арманым ер азаматымның өз кіндігінен Айжұлдызымның соңынан еретін іні болатын, не сіңлісі болып қарайласып жүретін бір перзент болса. Біз айтамыз, Алланың дегені болады. Маған салса, бірінші соны қалар едім», – дейді Жанар Айжанова.

Алайда барын бағалай білетін өнер иесі осы күніне де шүкіршілік ететінін айтты.