"Қоғамнан оқшаулану екенін түсіну керек": Кәрім Мәсімовтың камерада қандай жағдайда отырғаны анықталды

Кәрім Мәсімов
фото интернеттен

Мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу бойынша айып тағылып, тергеу изоляторында отырған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтен шағым түскен жоқ. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.

Омбудсменнің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандардың барлығымен бірдей жағдай жасалған.

«Біздің топтарда Мәсімов туралы біраз ақпарат бар. Бірақ біздің жұмысымыздың ерекшелігіне байланысты барлық деректерді ашып айта алмаймыз. Әзірге Кәрім Мәсімовтің тарапынан ешқандай шағымдар түскен жоқ. Сондықтан қандай да бір мәліметтерді айта алмаймын. Камера, бұл –  камера. Ол жалғыз немесе бірнеше адамға арналған болуы мүмкін. Мұның бәрі қоғамнан оқшаулану екенін түсіну керек», – деді ол.

Эльвира Әзімова бұл жерде Кәрім Мәсімовке өзгелерге қарағанда ешқандай да артық күтім немесе басқа да жағдай жасалмағанын атап өтті.

«Ұстау жағдайларының үш түрі бар – ішкі істер органдарында тергеу изоляторлары, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы изоляторлар және ҰҚК тергеу изоляторы. Ұстау шарттары бойынша олардың бір-бірінен сәл айырмашылығы бар. Ең бастысы, мұнда отырғандардың адвокаттарға, медициналық көмекке, тамақтануға деген қолжетімділік шарттары бірдей», – деді Эльвира Әзімова.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888