«Бала-шағаның көзінше…»: Ринат Зайытовтың жан досы маңдайына мылтық төсеген (Видео)

ринат зайытов

Елімізге еңбегі сіңген танымал адамдардың алғашқы қадамдарын қамтитын «Ең алғашқы…» жобасында  ақын Ринат Зайытов қонақта болды.

Студияда кейіпкерге бейнематериал жасырылған беймәлім ұяшықтар таңдауға ұсынылды. Таңдалған тақырыпқа қатысты кейіпкер өз өміріне қатысты оқиғаларымен бөлісті.

Ринат Зайытовта басынан өткен қызықты оқиғаларды баяндап, маңдайына тақалған мылтық туралы оқиғаны айтып берді.

Ринат Зайытов аңшылықтан келіп, сейфке салуды ұмытып кеткен мылтықты досы қалжыңдап, Ринаттың маңдайына төсеп атып көрген. Абырой болғанда, мылтық оқтаулы болсада, атылмай қалған. Ақынның айтуынша досы мылтықтың оқтаулы екенін білмей, қалжыңдамақ болған. Мылтықтың оқтаулы болғанын көрген кезде екеуі де шошып кеткен екен.