«Кейін өкінетінімді білемін»: Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісова туралы пікір білдірді

Мақпал Жүнісова

Заманбек Нұрқаділовтің қызы, белгілі дизайнер, психолог Құралай Нұрқаділова ауқымды сұхбат берді. Өмірі, отбасы мен шығармашылығы жайлы, Мақпал Жүнісова мен Мерей екеуіні арақатынасы туралы айтты.

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.

Құралай Нұрқаділова өмірінде көптеген кедергілерден өткенін айтады. Көпшілікке ашық айтпағанымен, уақыт келгенде бәрі белгілі болады дейді ол. Ал халықтың азаматы атанған әкесі туралы кітап жазу үстінде.

Дизайнер Мақпал Жүнісова мен сіңлісі Мерей екеуінің арақатынасы жайлы баяндады. Бәрі уақыт көрсетеді дейді дизайнер.

“Мен Мерейге өзім бірінші болып қадам жасадым. Ол бала күнінде менімен сөйлесуге тырысқан. Ол кезде мен дайын болмадым. Енді мен дайын болғанда, ол дайын емес. Ол бой жетті. Мен оның телефон нөмірін Алтынбек Қоразбаев арқылы тауып сөйлестім. Жауап берді. Бірақ қазір дайын емес екенін айтты. Бастысы, мен қадам жасады. Ол мұны біледі. Қалғанын уақыт реттейді. Уақытпен келеді. Ал Мақпал Жүнісовамен мен ешқашан сөйлесе алмаймын. Біз екі түрлі адамбыз. Қызғаныш емес, мүлде екі түрлі адамбыз. Оны халық жақсы көретін шығар. Халықтың әншісі шығар. Мен оған ешнәрсе демеймін. Бәрін уақыт көрсетеді”, –  деді Құралай ханым.