"Мені тірідей көміп тастамақ болған": Дулат Исабеков мола басындағы жағдайды айтты (Видео)

Дулат Исабеков

60-жылдарда қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген классик жазушылардың қатарындағы көзі тірісі Дулат Исабеков. Дулат Исабеков жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты.

Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысыны, Сайрам ауданына қарасты Ленин жолы колхозында дүниеге келген. Алғашқы азан шақырылып қойылған есімі  – Нысанбай. Сондай-ақ, Дулат Исабеков 20 желтоқсанда дүниеге келгенімен, екінші туған күні 20 қазан деп есептеледі.

Әкесі соғыске кеткенде Дулат Исабеков жөргектегі бала болған. Содан танымайтын елдің ортасында, отыратын там да жоқ айдалада бес баланы құшақтап анасы Күмісгүл жазғыз қалады. Осындай жағдайда балалар ауырып, әсіресе үйдің кенжесі Дулат аурушаң болып, қатты сырқаттанып қалады. Бала тірі қалмайды дегенді естіген анаға бір күні Дулаттың қайтыс болғанын айтады. Сонда анасы көзінен жасын сығып, баланың мәйітін дәлізге, ауыз тамға шығара салыңдар депті. Сөйтіп, бала Дулатты ауыз тамға шығарып, киізге орап қойған. Ал ертесі, таңертең жұртшылық қолдарына күректерін алып, молаға қарай шығады. Олар баланы көму үшін жер қазып жатқанда, көрші кемпірлер келіп, «баланы алып шығыңдар» дейді. Сол кезде көрші әже келіп баланы алып, бетіне қарағанда, өлді деген Дулат Исабеков ыржиып күлген. Жерлеуге әкелген баланың күлгенін көрген әже шошығаннан сәбиді жерге тастап жіберген. Содан кейін қайтадан көтеріп алып келіп, Дулаттың анасына: «Күмісгүл-ау  сенің балаң тірі ғой» деген. Бұны естіген ана еңкілдеп тұрып жылаған. Баласының өлді дегеніне сенген ана аз болмағанда тектегін көміп жіберер еді.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888