«Дикий Арманмен бірге отырған»: Қайрат Құдайбергенді бас прокуратура жауап алуға шақырды (Видео)

Қайрат Құдайберген

Қаңтардағы қақтығыс кезінде Дикий Арман лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің жанында жүрген Алматы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен бас прокуратура жауап алуға шақырды.

Мұны бизнесменнің өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жазған. Қайрат Құдайберген «ақыры» мені жауапқа шақырды деп құзырлы органның шақыртуын келеке еткендей.

Ол қоңырау шалған адамдар өзімен өте сыпайы сөйлескенін және куәгер ретінде шақырылғанын айтады. Қазір депутат Дубайда демалып жүр екен.

Айта кетейік, қаңтардағы дүрбелең кезінде Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтің алаңда, сонымен қатар белгісіз ғимаратта бірге отырған бірнеше видеосы тараған. Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бұған дейін таныс болмағанын айтқан еді. Сөзінше олар 6 қаңтар күні күндіз тәуелсіздік алаңында бірінші рет кездескен.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Жұмагелдиев Алматыда ұсталған қарулы топты басқарды деп күдікке ілініп, қамауға алынған.