Қазақстанда болған қаңтар оқиғалары Дариға Назарбаеваның есімімен тікелей байланысты, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева отставкаға кетуі тиіс, деп мәлімдеді әріптесі Еділ Жаңбыршин. Бұл туралы sputnik.kz сайты жазды.
Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызының отставкаға кетуіне қатысты мәселе ұзақ уақыттан бері қозғалып жатыр. Бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырып, қазір денсаулығын қалпына келтіріп жатыр.
Журналистер мәжілісменге Елбасының басқа туыстарының қызметінен босатылуын ескере отырып, депутаттың отставкаға кетуі керек пе деген сауал қойды.