Күні кеше бүлік кезінде отандық телеарналардың бірінен шығатын «Qos Like» және «Бір болайық» («Қалаулымның» жалғасы) бағдарламаларының студиясына шабуыл жасалып, өртенген болатын.
Енді атышулы ток-шоу арқылы отбасын құрған Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова жантүршігерлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
Олар Алматы-Семей бағытында жолға шыққан. 27 қаңтарда тайғақ жолда апатқа ұшыраған. Семейде Шынар Меджанованың ата-анасы тұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram