«Аяғынан автоматпен соққан!»: Депутат халықпен кездесіп, түрмеде көзбен көрген ақиқатты айтты (Видео)

Депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов халықпен кездесіп, сұрақтарға жауап берді.

Депутат халықпен кездесер алды түрмеге барып, митингте қамалған жастардың қазіргі жағдайы мен қамалу себептерін, олардың көрген қорлықтарын өз көзімен көріп қайтқан.

Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде оларға қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Оларға қысым алғаш қамауға алынған кезде көрсетілген.