"Арандатушы" деп атап, сахнадан күштеп түсірді": Алматыдағы қазіргі жағдай қалай? (Видео)

Алматы

Алматыда келісілген митинг өтіп жатыр. Наразылық акциясына жиналғандар қаланың жаңа әкімі болып Ерболат Досаевтың тағайындалуына қарсылық білдірді деп жазды sputnik.kz сайты.

Ерболат Досаев бұған дейін Ұлттық банктің төрағасы болды.

Ал оның алдында Алматыны басқарған Бақытжан Сағынтаев қалада болған тәртіпсіздіктерден кейін қызметтен кетті.
Митинг Ғалымдар үйінің жанында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
"Біз, алматылықтар, әкімді өзіміз таңдау құқығын иелену үшін қан төктік. Бұрынғы барлық әкімді бізге тағайындап жіберген", - дейді митингіге қатысушылардың бірі.
Адамдар жүк көлігінің үстіне шығып, сол жерден сөйлеп жатыр.
"Бізде болған барлық әкімді – Есімов, Сағынтаев, Байбек, Храпуновты бізге тағайындап жіберді. Ешқайсысы қала тұрғындарымен диалог жүргізбеген", - дейді олар.
Жиналған жұрт Досаев Ұлттық банктің басшысы болған кезде митингіге қатысушылардың талаптарын тыңдамағанын еске салды.
"Енді Досаев қала әкімі болғаннан кейін, ол қаланың игілігі үшін жұмыс істемейді. Ол қала тұрғындарының талаптарын тыңдамайды. Ол оны тағайындаған адам үшін жұмыс істейді", - дейді митингіге шыққан тағы бір адам.
Наразылық білдірушілердің арасында қаңтар оқиғаларынан кейін тергеу изоляторында отырған адамдардың туыстары да бар – олар туыстарын босатуды талап етіп отыр.
Митингіге қатысушылардың бірі мінберге көтеріліп, биліктен тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар туралы мәліметтерді жариялауды талап етті. Бірақ оны "арандатушы" деп атап, сахнадан күштеп түсірді.

Экономист және тележүргізуші Рахым Ошақбаев митингіде сөз сөйлеп, қаңтардағы оқиғалар кезінде қарапайым азаматтар да, құқық қорғау органдары да "осы жүйенің құрбаны" болғанын айтты.

"Біз ақиқатқа және болған оқиғалардың барлық мән-жайын ашуға қол жеткізуіміз керек. Сұрақ көп, бірақ қазірге дейін мардымды жауап жоқ. Алматы әкіміне келер болсақ, 21 ғасырда қазақстандықтардың әкімді таңдау құқығы болуы керек", - деп мәлімдеді Ошақбаев.
Оның пікірінше, әлемнің барлық дерлік елінде мэр сайлауы өтеді және қазақстандықтар бұған дайын.
Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888