“Рұқсат берілді”: Ертең Алматыда митинг болады

алматы

Белсенді Марат Тұрымбетов Facebook-тегі парақшасында Алматы әкімдігі әкімдерді сайлауды енгізуді талап ету туралы митингке рұқсат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділердің талабы бойынша, Алматы қаласының әкімін халық таңдауы керек.

«Бұл жиынды өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді», – деді Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Белсенді Марат Тұрымбетов бұдан бір күн бұрын Алматы әкімдігі «Qantar 2022» аза тұту митингін өткізуге рұқсат бермегенін де айтты. Олар митингті 13 ақпанда өткізгісі келген. Оны өткізуге рұқсат бермеудің ресми себебі – қаладағы эпидемиологиялық жағдай.

Бүгінгі жаңалықтар