Белгілі актриса Жанаргүл Жаныаманова “Жұлдыздың жары” бағдарламасында сұхбат беріп, ағынан жарылды.
Актрисаның айтуынша, 2017 жылы тұңғыш ұлдары емі жоқ аурумен ауырып, өмірмен күрескен. Дәрігерлер емі жоқ деп шығарып салған баласының, уақыт өте жақсара бастағанын ғажайыпқа балайды актриса.
Қазір баласының жағдай тұрақты.
“Мен мансап қуамын, актриса боламын деп жоспарлағанмын. Тұрмыс құрған соң да баламды әжесіне тастап театрда жұмыс істеп жүрдім. Үйіміз жақын болды. Арасында үйге барып, театрда рөлімді сомдап жүрдім. Ұлымыз біздің қызметімізге үйренген. Театр мен үйдің арасында жүре беретін. Солай жүргенде ауырып қалды. Дәрігерлер оның емі жоқ деді. Көмектесе алмайтынын айтты. Ұлым көп тәтті деп, тамақты аз ішеді екен. Жасына байланысты міндетті екпені салдырғанда ол емі жоқ ауруға шалдықты. Дәрігерлер екпе салмай тұрып тексермеген. Тромбоциттері 0-ге түсіп кеткен. Оның бір түссе, көтерілуі қиын екен”, – дейді актриса.
Актриса “Қылышбек” рөлімен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген белгілі кино актеры Рүстем Жаныамановтың жары.