«Ертең бізді бауыздаса таңданба»: Ринат Зайытовтың арнауы желіні жарды (Видео)

ринат зайытов

Ринат Зайытовтың арнауы:

Құлагермен жете алмаған арманға,

Маңмаңгерлер мұңын айтқан жалғанда.

Ақанды да ауру деген ағайын,

Ертең бізді жынды десе таңғалма.

 

Дайын тұрар аяғыңнан шалғанға,

Жоқ жеріңнен жала жаба салғанға.

Маханбеттің басын кескен ағайын,

Ертең бізді бауыздаса таңданба.