Мамин мен Склярдың түбі шикі ме?

Мамин

Қазақстанда тағы бір жобаның шикі екені айтылуда. Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Үкіметтің экс-басшысы мен қазіргі Вице-министрдің құйтұрқы әрекетін әшкереледі. Ол өзінде бар құжаттарды назарға ұсына отырып, бірнеше миллиардтаған ақшаның қалай қолды болатынын көрсетіп, тексеруді талап етті.

Ол журналистердің бірнеше күн бұрын тосын видео түсіріп алғанын айтып, онда құрлық арқылы тасымалданатын жүктердің арасынан автобустың дөгелексіз қаңқасы көрсетілгенін жеткізді.
– Көзі қарақты көрермен мұны бірден байқап, Қазақстанда құрастырылған автобус екенін таныды. Біздің пысықайлар қытайларға көрсетіп, мақтану үшін мұны шекараға жеткізіп, біз де автобус құрастыра аламыз дегенді айтқысы келді.
Естеріңізге сала кетейін өткен жылы Қарағанды облысының Саран қаласында автобустар, электробустар мен арнайы техника шығаратын QazTehna зауытының ашылу рәсіміне Маминнің өзі арнайы барып қатысты. Тіпті өнімнің 50 пайызын жергілікті өндірушілер дайындайды деген. Қаржысын алған журналистер мен блогерлер өндіріс ошағын мен автобустың қаңқасы қалай дәнекерленетінін көрсеткен. Мен тіпті Мамин келетіннен 3-4 күн бұрын дайын автобусты қалай бөлшектегенін айтқан болатынмын. Содан кейін барып оның қаңқасын журналистерге көрсету үшін дәнекерлеуге жеткізген, – деді Санжар Боқаев.
Саясаткер Боқаев бұл құйтұрқы әрекетті бір жарым жыл бұрын әшкерелеп қойғанын жеткізді. «Өндіріс атын жамылып алған жалған кәсіпкерлер бұл тірліктерін жалғастыра берген. Қорапқа қанша ораса да, халық бәрібір біліп қойды» – деді Боқаев.
Белсенді бұл айтқандардың бәріне дәлел бар екенін де көрсетті.
«Алайда құзырлы органдар мұны тексеруге жүрексінбеді. Ал Үкімет болса әлі де қолдап, миллиондарды шығындап келеді. Міне осы үшін мен Маминді, Скляр мен Лаврентьевті тексеруді талап етемін» – деп түйіндеді саясаткер.

Бүгінгі жаңалықтар