Әлеуметтік желіде Иманғали Тасмағанбетовтың өзіне дауыс көтеріп сөйлеген көпбалалы анаға қайтарған жауабы талқылануда.
Видеода байқағандай жеті баланың анасы Тасмағанбетовке өз жағдайын ызалы үнмен жеткізіп, көмек сұрайды.
Өз кезегінде жауап қайтарған Тасмағамбетов:
“Тұра тұрыңыз! Жағадан алмаңыз! Жеті баланы тапқаныңыз жақсы, бірақ өздеріңіздің балаларыңыз. Сондықтан, жауапкершілік ең алдымен сізде, содан кейін мемлекетте!” деп жауап қайтарады.
Желіде қызу талқыланған видеоға халық “Дұрыс айтады. Қазыр көбісі басты қаражат көзіне айналдырып отыр”, “Дұрыс айтылды.Біздің әжелеріміз шешелеріміз ешқашан біз мұқтажбыз, бізге беріңдер деп айтпаған”, “Жауабын керемет айтты” деген сынды пікірлер жазылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram