“Алдын ату жазасына кесті”: Қаңтар оқиғасынан кейін түрмелерде не болып жатыр (Видео)

Қаңтар оқиғасы

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қаңтар оқиғасына қатысушыларды қолдап, бейбіт митингіге шыққан барлық халықты босатуды талап етті.

Үндеудің видеосы Facebook желісінде жарияланды.

Желтоқсаншылардың айтуынша, олар осыдан 35 жыл бұрын қызыл империяның солақай саясатына қарсы шыққан жастардың қатарында болған. Айтуларынша, ішкі істер министрлігі мен ҰҚК 1986 жылы да өз өкілеттігін асыра пайдаланып, “неше түрлі әрекеттер ойластырып”, істелмеген қылмысты бейбіт жастардың мойнына ілген.

“Бізге ұлтшылдар, нашақорлар, маскүнемдер, бұзақылар деп жала жауып, дүниежүзіне масқаралап, алдын ату жазасына кейінгілерді 10-15 жылға соттады”, – делінген үндеуде.

Белсенділер қаңтар оқиғасы туралы айта келе, бейбіт шеруге шыққан халқымыз жазықсыз жазаланып, түрмеге қамалып жатқанын мәлімдеді.

“Түрмеде оларды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетіп, істемеген қылмысты мойнына іліп отыр. Бұл жөнінде бүкіл әлем айтып жатыр. Құзырлы орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдалануда. Тіпті түрлі жарақатпен ауруханада жатқан науқастарды алып шығып, күш қолданып, кінә тағуда. Ол ешқандай адамгершілікке жатпайды. Бүгінгі күні қаңтар көтерілісіне қатысқан жастарға қарсы қолданылып жатқан айуандық әрекеттер 1986 жылғы репрессиядан 100 есе асып кетті. Елім, жерім деп бейбіт шеруге шыққан халық ешқандай террорист емес. Біз, Желтоқсан ардагерлері еліміздің түрмелерінде болып жатқан айуандықты шұғыл түрде тоқтатып, оларды бостандыққа шығаруды талап етеміз”, – деп мәлімдеді олар.

Бүгінгі жаңалықтар