Заңгер: Бүлікшілер науқастардың көзінше медбике қызды зорлап тастаған (ВИДЕО)

Бүлікшілер

Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше медбике қызды зорлаған.

Бұл туралы заңгер Абзал Құспан журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұқбатында айтты. Оның айтуынша, бейнежазбаға түсіп қалған қылмыстық істерді көргенде төбе шашың тік тұрады.

«Мәселен, бүгін бостандыққа шығарған 11 адамның ішінде 7-ауруханаға жарақатпен түскендері бар. Сол адамдардың көзімен көргені, ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, науқастардың көзінше бір медбике қызды зорлап тастаған. Ол – полиция қызметкері емес, ереуілге қатысқан бұзақы топтардың жасап отырған ісі. Осы сияқты жағдайларды айтсақ, талай адам түңіліп кетер еді», – дейді заңгер.