Күн өткен сайын түрленіп келе жатқан қасиетті Түркістан қаласының архитектуралық ансамблі көз тартар жаңа сәулетті Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театрымен толықты.
“Уақыт көрсетеді” бағдарламасының кезекті санында Нұржан Төлендиев, Жадыра Сейдахметова, Айдар Наурызбаев, Нұржан Ізтаев, Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Бағлан Төлендиев сынды өнер адамдары қонақта болып, театр туралы, оған “Райымбек Сейтметовтің” атағы берілуі керек екені туралы әңгіме өрбітті.
Театр қайраткері Райымбек Сейтметовтың шәкірттері оның еңбегі еленбей қалғанын алға тартып, өздерінің өкпе-назын жеткізді.
Олар Түркістанда жаңадан ашылатын театрға осы салада есімі алтын әріппен жазылған ұстаздың есімі берілмегеніне қапалы. Оның үстіне, аталмыш өнер ошағына “Азамат Сатыбалды басшы болып келеді” деген жаңалық олардың көңілінен шықпаған.