Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттің халықаралық қарым-қатынасына қатысты бірнеше тезис жариялады.
«Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгермейді», – деп жазды ол.