“Бұл жеңіс – Назарбаевтың жеңісі” Данияр Әшімбаев пікір білдірді

Назарбаев

Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев арасында жанжал болды деген пікірді жоққа шығарды деп жазды sputnik.kz сайты.

“Көбі Тоқаев “транзиттік президент” екеніне сенді. Бірақ Nur Otan партиясы төрағасы қызметінің тапсырылуы олай емес екенін көрсетті. Себебі бұл қызмет мәжіліске де, үкіметке де билік жүргізу құқығын береді. Ең бастысы, Тоқаевтың 2024 жылы өтетін сайлауға түсетінін білдіреді”, – деді Әшімбаев ia-centr.ru сайтына берген сұхбатында.Сарапшының пікірінше, Қазақстанда 2024 жылғы президент сайлауында Тоқаевтың жеңіске жеткенін қаламайтын адамдар бар.

“Назарбаев мұндай нұсқаны қарастырмайтыны және өз шешімін өзгертпейтіні белгілі болғанда, бұл біз тап болған наразылық толқынын тудырған болар, бәлкім. Сондықтан элиталар арасында жанжал болды, бірақ Назарбаев пен Тоқаев арасында жанжал болған жоқ”, – деп жалғастырды Әшімбаев.

Сарапшы Назарбаевтың туыстарынан бөлек, өзінің саяси болашағын қамтамасыз етуге мүдделі болған басқа да фигуралар болды деп санайды. Мысалы, ол қазір айыпталып отырған ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов.

Әшімбаев Тоқаев содырларды жеңгенін атап өтті. Алайда, айтуынша, кейбіреулері мұны Тоқаев Назарбаевты жеңді деп көрсетуге тырысып жатыр.

“Бірақ бұл жеңіс – Назарбаевтың да жеңісі. Өйткені оның ізбасары мен оның бағыт-бағдары бүтін қалды. Ізбасары елді алға бастай алатын мықты көшбасшы екенін көрсетті. Яғни Назарбаевтың көздегені де осы еді. Сол себепті бұл Назарбаевтың таңдауының жеңісі”, – деп түйіндеді саясаттанушы.

Бүгінгі жаңалықтар