“Ағашпен, темірмен ұрды”: Ақтөбелік өрт сөндірушілер қалай аман қалғанын айтып берді

өрт сөндірушілер

Ақтөбелік өрт сөндірушілер жаппай тәртіпсіздік кезінде қоршаудан қалай аман шыққандарын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Бұзақылар олардың жолын бөгеп, көліктерін қиратқан. Ал өздерін соққыға жығыпты.

Өрт сөндіру қызметінің терезесі сынып, бүлінген қос көлігі қазір гаражда тұр. Тергеушілер техниканы ешқайда шығармай, ешбір құралына тиіспеуді бұйырыпты. Айғақ зат ретінде керек болады деп ескерткен. Осыдан екі апта бұрын бұзақылар митинг кезінде өрт сөндіруге бара жатқан КамАЗ бен “Газель” маркалы көліктерді тоқтатып, алдын бөгейді.

Өрт сөндірушілер қаптаған адам қоршап алғанда қорқып кеткен. Олар Әбілқайыр хан даңғылындағы үйлердің бірінен шыққан өртті сөндіруге бара жатқан. Ақыры ол жерге жете алмай, кері қайтуға мәжбүр болған. Жалынды басқа бригада барып өшірген. Өрт сөндірушілер ауыр жарақат алмапты. Сол күні бүлінген көлікте болған құтқарушылардың бәрі дін аман.

“Соққы қолдан тиді. Ағашпен, темірмен ұрып жатты. Сол кейін Марьесевке дейін беріп, ішке қарай қайтып келдік. Енді көп адамдарды көргенде үрей болды. Артымыздан жүгіріп келді, артымыздан тас лақтырып, ағаш лақтырып, ұрып-соқты”, – дейді өрт сөндіруші Азамат Қомытов.

Бүгінгі жаңалықтар