«Қазір қайда?» Дариға Назарбаеваның жұмысқа қашан оралатыны белгілі болды

Дариға Назарбаева

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады, деп хабарлады zakon.kz сайтына оның баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқаны хабарланған болатын.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева қаңтар айының басынан бері парламентке келмеді.

Ол 5 қаңтар күні мәжілістің отырысына қатыспады. Дариға Назарбаева 11 қаңтарда президент жаңа премьер-министрдің есімін жариялағанда да (онлайн режимде) көрінбеді. 12 қаңтарда өткен мәжіліс отырысында да болмады.

Бүгінгі жаңалықтар