“Қуаттың намысын қорламаңдар!” Танымал боксшы Қуат Хамитовқа әсерлі жазба арнады

Қуат Хамитов

Кәсіпқой қазақ боксшысы Қанат Ислам желіде жақында ғана ұсталып, артынша босатылған Қуат Хамитовқа әсерлі жазба арнады деп жазды qazbrand.info порталы.

Қанат Ислам спортшыға қолдау білдіріп, өз жазбасында:

“Қуатты жақын танығаныма 15 жылдай болыпты. Мен оны шын батыр, намысқой азамат ретінде ерекше құрметтеймін!

Ол қазақтың ту қылып ұстар айрықша ардақты азаматы! Оған жала жабылып жатыр ма, әлде бірдеңені мойындатпақшы болып қысым көрсетіп жатыр ма, әйтеуір бір қорлықтың болып жатқанын естіп жатырмын! Қуаттың намысын қорламаңдар! Оның намысы барша қазақ жігіттерінің намысы!!!

“Елім, жерім” деген ержүрек жігіттердің кеудесін баса бергеннен пайда да, абырой таппайсыңдар!

Бұл әрекеттері қазақтың жігіттерінің өшпенділігін өршітпесе жігерін жасыта алмайды. Қуатқа тиген жұдырық біздің жүрегімізге пышақтай қадалып тұрғанын сезінсін!!!

Қуат бауырым! Біз сенімен біргеміз!!!” деп жазды.

Естеріңізге сала кетсек, Қуат Хамитов қамауға алынып, артынша босатылғаны туралы жазған болатынбыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kanat QAZAQ Islam (@islamkanatqazaq)

Бүгінгі жаңалықтар