«18 жастағы 190 сарбаз акиматта болған» Қайрат Құдайберген алаңдағы ащы шындықты айтты (Видео)

Қайрат Құдайберген

«Уақыт көрсетеді» бағдарламасының кезекті санында Алматы қалалық мәслихат депутаты, танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген қонақта болып Алматыда болған тәртіпсіздікке байланысты өз пікірін білдірді деп жазды qazbrand.info порталы.

Кәсіпкер алаңда болған оқиғаларды өз көзімен көріп куәгер болғанын, акиматтың қалай өртенгенін айтып берді. Оның айтуынша бензиндерді ғимаратқа тасып жүрген жап-жас жігіттер екен. Олар Wolt,Glovo жеткізушілерінің киімін киіп, солардың самокаттарымен бензин тасып тұрған.

Ал акиматты қорқауға қолдарында бірде бір қаруы жоқ 18-20 жастағы 190 жас сарбазды қалдырған. Сарбаздар қолдарында мылтық, автомат, жарылғыш заттары бар бүлікшілерге қарсы тұруға мүмкіндігі болмаған.

Маслихат депутатының айтуынша алаңға шыққандардың  барлығы террорист емес. Себебі, бейбіт шеруге шыққан халықтың қолында бірде бір қару болмаған.

Сондай-ақ, ол Дикий Арман мен Қуат Хамитов туралы да өз пікірін білдірді.Қ