«Мені кінәлап күнде миымды жемегенде…» Жұлдыз әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады (Видео)

Жұлдыз әбдікәрімова

Жұлдыз әбдікәрімова желіде әсерлі бейне жариялады.

  • Егер күйеуім жалқауланбай, үйде жата бермей жұмыс істеп, отбасын асырағанда бізде күнде ұрыс болмаушы еді.
  • Егер әйелім мені кінәләп, күнде миымды жемегенде, менің минустарымды бетіме баспағанда, мен жақсы жетістіктерге жетер едім.

Бұл көптеген ер мен әйелдің ішкі дауысы, ішкі ойы. «Егер дегендері» ешқашан бітпейді. Бірін бірі жеңбей ешқашан тынышталмайды. Арасындағы тартыс бітпейді.  Неге? Себебі, екеуі де өзін емес біреуді дұрыстауға тырысады. Алайда ырқынан тыс біз ешкімді өзгерте алмаймыз. Өзгерейін деген ниеті болмаса, бәрі бос әурешілік. Қазақта жақсы сөз бар, «өз өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» Яғни сіз өзіңізді ең сыйлы адамыңыздай сыйлап тұрсаңыз, өзгелер сізге қарап өзінен түңіледі, ұялады.

Дұрыстығыңызды дәлелдеумен алыспаңыз. Өмірде бәрі әділетті. Сіз «менікі дұрыс» деп дәлелдеуге тырысқан сайын, сіздікі қате болып шыға береді. Адам есебінен жаңылса да, құдайдың есебі түгел. Ашуыңызды басқара біліңіз, әйтпесе, ол сізді басқарады. Әйел өзін дамытқанда айналасы да өзгереді.