«Еліміздегі ең танымал медиа ресурстар» Мәсімов басқарған ақпарат құралдарының тізімі жарияланды

Мәсімов

«Ферғана» сарапшыларының мәліметінше, ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі «мықты ойыншы» болған, деп хабарлады turkystan.kz «ВЫХОД К ПРАВДЕ» telegram арнасына сілтеме жасап.

Бұл ретте ол БАҚ қызметін ұйымдастыруда орыстар мен украиндардың дәстүрлі қызметін пайдаланбай, Германиядан мамандар шақыртыпты. Соның нәтижесінде, 1-ақ жылда Кәрім Мәсімов басқаратын медиа ресурстар елдегі ең танымал БАҚ-қа айналып шыға келген.

Сонымен, қазір қамауда жатқан бұрынғы шендінің «медиа патшалығына» төмендегі БАҚ кіретіні дәлелденген:

– СТВ телеарнасы;

– «7 арна» (соңғы мәліметтер бойынша ол BTS Digital компаниялар тобына қайта сатылған);

– «Tengri-FM» радиостанциясы;

– «Tengri-TV» интернет-телеарнасы;

– «Алаш айнасы» газеті;

– Vesti спорттық интернет-басылымы;

– TengriNews ақпараттық-сараптамалық порталы.