«Шұғыл түрде тергеуге алу керек» Қайрат Құдайбергеннің басы дауға қалды (Видео)

Қайрат Құдайберген

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында жаппай тәртіпсіздік кезінде алаңға шыққан Қайрат Құдайбергенге қатысты пікір білдірді.

«Біз такибиристер елі ме едік?! Әлде исламистер елі ме едік? «Такбир», «Аллаһу Акбар» депутаттың айтатын сөзі ме? Алматы қаласының мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді Ұлттық қауіпсіздік комитеті шұғыл түрде тергеуге алу керек. Елдің тәуелсіздігіне сатқындық жасағандар, өздерінше халифат құрғысы келгендердің ешқайсысын аямау керек!» – дейді Айгүл Орынбек.