"Қазақ отбасының сорына айналды" Нұрлан Албан Тоқаевқа тікелей бейнеүндеу жасады (Видео)

Нұрлан Албан

Танымал әнші Нұрлан Албан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Әнші президентке алғысын айта отырып, алда жаңа реформаларды іске асыру кезінде бірнеше мәселені назарға алуды өтінді. 

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Осындай келеңсіз жағдайлардан соң, аз ғана уақыттың ішінде болған кадрлық ауысулардан кейін, Сіздің Мемлекеттің болашағы үшін жаңа реформаларды қолға алып, іске асыратыныңызды білемін. Сол жаңа реформаларды іске асыру барысында, мына жайттарды да ескере отырсаңыз екен деген азаматтық өтінішім бар.

Қазақстанда ғана емес, әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс – соңғы жылдары біздің елдің әрбір азаматына қатты әсер еткенін, өзіңіз де жақсы білесіз. Нарық қысып, азық-түлік пен тауар қымбаттап, ел-жұрттың басым бөлігі қарызға белшесінен батып кетті. Кезінде жақсы жұмыс жасап жүргенде, сол жұмыстарына сеніп, екінші деңгейлі банктерден алған несие-кредиті, бүгінгі күні әр қазақ отбасының сорына айналды. Осы алынған несие-кредиттер үшін амнистия жасасаңыз екен! - деді Нұрлан Албан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тажикенов Нурлан Бусаканович (@nurlanalban)

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888